Пара алу күдігімен полицей ұсталды

18 Шілде 2020, 05:25
2018
Бөлісу:
Пара алу күдігімен полицей ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы бойынша Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігіне ілінді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аталған өңірдің Полиция департаментінің Жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп Қызылорда облысы бойынша Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасауда әшкереледі.

Ол есірткі құралдарын өндіру барысында жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді.

ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Өзгелердің жаңалығы