Пәкістандағы теракт: пойызда жарылыс болып, 24 адам қаза тапты

Жарылыс салдарынан бірнеше вагон рельстен шығып кеткен.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 22:45
Бүгiн 2026, 22:45
90
Фото: depositphotos.com

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында жолаушылар пойызында болған жарылыс салдарынан кемінде 24 адам қаза тауып, тағы 82 адам жарақат алды.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, пойызда құқық қорғау органдарының қызметкерлері мерекеге байланысты үйлеріне қайтып бара жатқан.

Пойыз Кветта қаласындағы әскери лагерьден шығып, жергілікті уақытпен таңғы сағат 08:05 шамасында жарылыс болған.

Жарылыс салдарынан бірнеше вагон рельстен шығып кеткен. Оның екеуі өртеніп, маңайда тұрған көліктер де зақымданған.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында әйелдер мен балалар бар, - делінген хабарламада.

Жараланғандардың 57-сі әскери госпитальға, ал тағы 25 адам Кветтадағы азаматтық ауруханаға жеткізілген.

Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша, жанкешті ішінде 70 келіден астам жарылғыш заты бар көлікті пойызға соғып жарып жіберген.

Наверх