Пәкістанда нөсер мен найзағай салдарынан 71 адам көз жұмды

18 Сәуір 2024, 03:26
361
Бөлісу:
Пәкістанда нөсер мен найзағай салдарынан 71 адам көз жұмды
Фото: trt.net.tr

Пәкістанда нөсер жауын мен найзағай салдарынан 71 адам көз жұмып, 67 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Синьхуа агенттігіне табиғи апатпен күрес бойынша ұлттық басқарманың өкілі мәлімдеді.

Айтуынша, бәрінен бұрын елдің солтүстік-батысында орналасқан Хайбер-Пахтунхва провинциясы қатты жапа шеккен. Ауданда ғимараттарға найзағай түсіп, 32 адам қаза тапты. Құрбан болғандардың арасында 15 бала мен 5 әйел бар. 41 адам зардап шеккен. 1370 үй бүлінген.

Елдің шығысындағы Пенджаб провинциясында 23 адам ажал құшып, 7 адам жапа шеккені белнілі болды. Сондай-ақ апаттан Белуджистан провинциясында 8 адам зардап шегіп, 8 адам көз жұмды.

Кашмир аймағында 8 адам қаза тауып, 11-і зардап шекті. Сонымен қатар 47 үй бүлінді.

Ай соңына дейін елде әлі де нөсер жаңбыр мен найзағай болады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы