Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Пәкістан Үндістанға қарсы ядролық қару қолдана ма?

14 Мамыр 2025, 10:01
405
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Соңғы аптадағы әскери әрекеттердің шиеленіскеніне қарамастан, Пәкістан ядролық қаруды Үндістанға соққы жасау үшін орналастыру мүмкіндігін қарастырмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы CNN арнасына берген сұхбатында елдің сыртқы істер министрі Исхак Дар мәлімдеді.

10 мамырда Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімге келгеннен кейінгі алғашқы сұхбатында Дар 7 мамырда Үндістан тарапынан шекара асып жасалған шабуылдардан соң Исламабадтың "өзін-өзі қорғау" мақсатында соққы жасаудан "басқа амалы болмағанын" айтты.

Өткен аптадағы қақтығыс 1971 жылдан бергі екі ядролық держава арасындағы ең қандысы болды: ондаған адамның өмірі қиылып, ауқымды соғыс қаупі арта түсті.

Дар Үндістанның соққыларын "соғыс" және "Кашмир сияқты ұзақ уақыт даулы өңірде өз үстемдігін орнатуға бағытталған қасақана әрекет" деп атады. Бірақ ядролық қару қолдану нұсқасы мүлде қарастырылмағанын түсіндірді.

Кейде өте ауыр шешімдер қабылдауға тура келеді. Біз өзіміздің әдеттегі әскери әлеуетімізге толық сенімді болдық. Оларды әуеде де, жерде де жеңуге күшіміз жететініне күмәніміз болған жоқ, - деді ол.

Өткен сәрсенбіде болған алғашқы шабуылдан кейін Пәкістан Үндістанның бес ұшағын, соның ішінде үш Rafale-ды атып түсіру үшін Қытайда жасалған жойғыш ұшақтарды қолданғанын мәлімдеді. Rafale – Нью-Дели бірнеше жыл бұрын ғана сатып алған заманауи француз ұшағы.

Франциялық барлау қызметінің бір дереккөзі CNN арнасына Пәкістан кемінде бір үндістандық Rafale ұшағын атып түсіргенін растаған.

Өзгелердің жаңалығы