Өзін «банкрот» деп жариялағандар шетелге шыға ала ма?

30 Қаңтар 2023, 14:26
1300
Бөлісу:
Өзін «банкрот» деп жариялағандар шетелге шыға ала ма?

Өзін «банкрот» деп жариялағандар шетелге шыға ала ма? Бұл сұрақтың жауабын Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл сұрақ кеңінен талқыланды. Банкроттық рәсімін алған аазаматтар немесе оған қатысатын адамдарға қатысты шекарадан шығу бойынша нормалар бар. Бірақ заңнамада тек сотқа жүгінген кезде екінші тәсіл бойынша (сот банкроттығы – ред.) рәсім 6 ай қаралатын кезде ғана шектеу қойылады. Себебі рәсім созылып кетуі мүмкін. Мысалы, азамат сотқа жүгініп, бірақ кейін шетелге шығып кетсе, рәсім тоқтап қалады, - деп түсіндірді вице-министр.

Сөзінше, нақты шешім қабылданғанша ғана шектеу қойылады. Бірақ азамат банкроттық алғаннан кейін ешқандай шектеу қойылмайды.

Яғни шешім қабылданған күннен кейін азаматтың шетелге шығуға мүмкіндігі бар. Шекарада шектеу жоқ, - деп толықтырды Ержан Біржанов брифингте.

Өзгелердің жаңалығы