Өзін банкрот деп жариялағандар қайта несие рәсімдей ала ма?

9 Ақпан 2022, 13:12
1613
Бөлісу:
Өзін банкрот деп жариялағандар қайта несие рәсімдей ала ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бірінші қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңның аясында өзін банкрот деп жариялағандарға болашақта қандай кедергілер болатынын түсіндіріп берді.

Вице-министр банкроттықтан кейін пайда болатын кедергілер туралы түсіндіріп берді.

  1. Азамат 5 жыл бойы қарыздар, несиелер ала алмайды.
  2. Азамат 3 жыл бойы емделуді, жақын туыстарын емделуге ертіп жүруді немесе жерлеуге баруды қоспағанда, елден тыс жерлерге шыға алмайды.

Азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттықты қайта қолдана алады. Азамат өзін банкрот деп жариялаудан бұрын ықтимал салдары және ары қарай қандай көздер есебінен өмір сүре алатыны туралы ойлану қажет. Банкроттықты қолдану жеке тұлғаларға борыштық жүктемесінен құтылуға және белсенді экономикалық қызметін жүргізуді бастауға мүмкіндік береді, - деп айтты Сұлтанғазиев.

Вице-министрдің сөзінше, 20 қаңтарда Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылды.

1 ақпанда заң тұжырымдамасы мен заң жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында орналастырылды. Ал 3 ақпанда тұжырымдама мен заң жобасы Қоғамдық және Сараптамалық кеңестердің мүшелеріне жолданды. Одан бөлек, 4 ақпанда заң жобасына тұжырымдама заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралды, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы