Өзін Антикор қызметкерімін деп таныстырған жігіт кешірім сұрады

6 Маусым 2021, 17:17
1862
Бөлісу:
Өзін Антикор қызметкерімін деп таныстырған жігіт кешірім сұрады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзін Антикордың қызметкерімін деп таныстырған азамат қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Оның кешірім сұрап тұрған видеосы әлеуметтік желілерде таралды.


Мен Талғар ауданының тұрғыны - Кәрімов Нұрбол. Танымал адамдардың аты мен фамилиясын пайдаланғаным үшін кешірім сұрағым келеді. Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері атын жамылғаным үшін де кешірім сұраймын. Мен өз кінәмді мойындаймын және шын жүректен өкінемін, - деді ол видеода.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 2 маусымында Шымкент қаласы ПД Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Жібек жолы көшесінде қызмет атқару барысында сағат 18:40 шамасында Лада-21144 автокөлігінің жүргізушісін қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін тоқтатқан. Жүргізуші өзін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері ретінде таныстырып, ұялы телефонынан қызметтік куәлігінің сандық нұсқасын көрсетіп, полиция қызметкерлерінен әкімшілік хаттама толтырмауды сұраған.

Полицияның бейнежетонына жол ережесін бұзған жүргізушінің күзетшілерге жалған қызметтік куәлікті ұсынған сәтін жазылып қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы