Өзбекстанда президентті сайлау басталды

9 Шілде 2023, 09:39
657
Бөлісу:
Өзбекстанда президентті сайлау басталды
Фото: BAQ.KZ

Өзбекстанда президентті кезектен тыс сайлауда дауыс беру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Өзбекстан Спутник сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстан бойынша барлығы 10 784 сайлау учаскесі ашылды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Өзбекстанда 19,5 миллионнан астам сайлаушы тіркелген.

Дауыс беру процесі таңғы сағат 8:00-де басталып, жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де аяқталады.

Өзбекстанның ОСК президент лауазымына барлығы төрт кандидатты тіркеді:

1) Халық демократиялық партиясынан (ХДП) – Ұлықбек Ілиясұлы Иноятов;

2) Кәсіпкерлер және іскер адамдар қозғалысы – Либералдық-демократиялық партиядан – Шавкат Миромонович Мирзиёев;

3) «Адолат» социал-демократиялық партиясынан - Робахон Анваровна Махмудова;

4) Экологиялық партиядан - Хамзаев Абдушукур Худойкулович.

Сонымен қатар Улугбек Иноятовтың 15, Шавкат Мирзиеевтің 14, Робахон Махмудова мен Абдушукур Хамзаевтың 15 сенімді өкілі тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы