Өзбекстанда конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылау мерзімі ұзартылды

16 Шілде 2022, 08:40
1364
Бөлісу:
Өзбекстанда конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылау мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заң шығарушы орган тиісті шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 «Жалпыхалықтық дауысқа салуға әлі ерте»  деді депутаттар. 15 шілдеде талқылау мерзімі аяқталуы тиіс еді. Алайда Олий Мәжіліс құжатты 1 тамызға дейін қоғам назарына ұсыну қажеттігін ескертті. 

Заңға енгізілетін өзгерістер жергілікті ақпарат құралдарында жарияланды. Бастапқыда жұмысшы органнан 80 мың ұсыныс келіп түскен. Конституциялық реформадан Қарақалпақстанға қатысты өзгерістер толыққанды алынып тасталды. Ал басқа бастамалар қоғамда әлі қаралады.

Өзгелердің жаңалығы