Өзбекстанда екі айдан кейін кезектен тыс президенттік сайлау өтеді

8 Мамыр 2023, 19:24
877
Бөлісу:
Өзбекстанда екі айдан кейін кезектен тыс президенттік сайлау өтеді
Фото: gazeta.uz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елде кезектен тыс президент сайлауы өтетіні туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ. KZ.

Шавкат Мирзиёев таяуда өткен референдум қорытындысынада екі айдан кейін президент сайлау өтетінін мәлімдеді. Әрі тиісті жарлыққа қол қойды. Бұл шешімін конституцияға енгізілген өзгерістерге сай қабылдап отырғанын атап өтті. 

Әрине, «мұндай шешімнің қандай объективті қажеттілігі бар?» деген сұрақ туындайды. Неліктен мен президенттік мерзімімнің қалған 3,5 жылынан өз бетіммен бас тартып отырмын? Өздеріңіз көріп отырғандай, біздің Негізгі заңға сәйкес, біріншіден, биліктің барлық тармағы реформаланады. Олардың арасында қарым-қатынас пен баланс айтарлықтай өзгереді. «Парламент, үкімет және әкімдер алдында жаңа міндеттер тұр. Әлемдегі алмағайып ахуалға байланысты жылдам әрекет етіп, экономиканы сыртқа факторлардан қорғауымыз керек, – деді Ш.Мирзиеев.

Өзбекстан Президенті сайлаудың толық заңға сәйкес, ашық және жариялы түрде өтетініне, партиялар мен президенттікке кандидаттар елдің бейбітшілігі мен өркендеуіне және халықтың әл-ауқатына қызмет ететін жаңа идеялар мен бастамалар ұсынатынына сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы