Өзбекстан қазақтарының рухани мұрасы зерттелді

1 Сәуір 2024, 15:29
352
Бөлісу:
Өзбекстан қазақтарының рухани мұрасы зерттелді
Фото: автордан

Бүгін Өзбекстандағы қазақтардың рухани мәселелері мен оларды сақтау, зерттеу жұмыстары талқыланды, деа хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Ұлттық музейі мен “Отандастар қоры” КЕАҚ-ның “Өзбекстан қазақтарының рухани мұрасы: жинау, сақтау, зерттеу мәселелері” атты бірлескен жобасының қорытынды дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстелде сөз алған “Отандастар”қорының президенті Абзал Сапарбекұлы Өзбекстандағы қазақтардың өмірі мен сол жақта зерттелген руханиятымыз туралы айтты.

Кейде Қазақстанда жоқ рухани құндылықтарды шетелде кездестіруге болады. Біздің міндетіміз де сол шетелдегі қазақтарға, ұйымдарға қолдау көрсету. Ұлттық құрылтай шеңберінде көтерілген ірі мәселелер. Осы мақсатта бізде өзіндік үлесімізді қосуға тырыстық. Шетелдегі ұлттық руханиятынымыздың күннен күнге жоғалып бара жатқанын айта кету керек. Сондықтан Өзбекстанға жасалған экспедицияның маңызы зор,-деп атап өтті ол.

Өзбекстан қазақтарының рухани мұрасы зерттелді

Атап өту керек, Мәдени мұраны ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Өзбекстан Республикасының Ташкент және Навоий облыстарында мекен ететін қазақтар арасында зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Экспедиция жетекшісі Ардаби Мәулет зерттеу нәтижесінде Тамды, Үшқұдық және Кенимех аудандары көшпелі мал шаруашылығын жалғастырып, қазіргі кезеңге дейін қазақ музыкалық-фольклоры, ауыз әдебиеті, этнографиялық құндылықтары мен дәстүрлі емшілік әдістері сынды бай мәдени элементтерді сақтап келе жатқаны белгілі болғанын айтады.

Зерттеу барысында 250 ден астам құнды дүниелер жазып алдық. Соңғы жыраулардың сақталып қалған қорларын алдық. Ал біз алып келген аудио 20 сағатқа дейін жетеді. Бұл өте үлкен қор. Бұл музыкалық мұрамызға қосылған баға жетпес құндылық деп есептейміз,-деді ғалым.

Өзбекстан қазақтарының рухани мұрасы зерттелді

 

Өзгелердің жаңалығы