Өз мүддесін ел мүддесінен жоғары қоя білген адам ғана ерікті бола алады – бас мүфти

11 Сәуір 2024, 15:49
176
Бөлісу:
Өз мүддесін ел мүддесінен жоғары қоя білген адам ғана ерікті бола алады – бас мүфти
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Бас мүфти Атырауға келіп, еріктілермен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырауға жұмыс сапары кезінде еріктілермен кездесіп, алғысын айтты.

Еріктілерге батасын берген бас мүфти ел мен жердің баршамызға аманат екенін атап өтті.

Өз мүддесін ел мүддесінен жоғары қоя білген адам ғана нағыз ерікті бола алады. Шынайы ниетпен ортақ мүдде жолында қызмет етіп жатқан әрқайсыңызға риясыз ниетпен алғысымды білдіремін, - деген Бас мүфти Жайық өзенінің жағасын бекіту жұмыстарына атсалысты.

Қазіргі уақытта Бас мүфти тасқыннан зардап шеккен Жылыой ауданына аттанды.

Айта кетсек, ҚМДБ-ның еліміз бойынша 1200 еріктісі халықпен бірге ортақ мүдде жолында еңбек етуде. Бұған дейін ҚМДБ атынан Атырауға гуманитарлық көмек жеткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы