Ойын алаңында жаттығу сымына оралып қалған бала жансақтау бөлімінде жатыр

25 Қыркүйек 2021, 20:56
6887
Бөлісу:
Ойын алаңында жаттығу сымына оралып қалған бала жансақтау бөлімінде жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бала ойын алаңындағы жаттығу сымына оралып қалып, тұншығып қалды, деп хабарлайды Мой город парталы. 

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қыркүйекте Громова көшесіндегі аулалардың бірінде балалар алаңында ойнап жүрген 9 жасар бала құлап, жаттығу сымына оралып қалған.

Ол ауруханаға тұншығу диагнозымен жеткізілді. Ойын алаңдарындағы балалар жарақатының негізгі себебі ата - анасы баласын жіті қадағаламайды,-деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың қалалық көпбейінді ауруханада жатқанын хабарлады.
Жағдайы өте ауыр. Комада. Жансақтау бөлімінде жатыр, - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Өзгелердің жаңалығы