Өткен жылы елімізде 413 адам өрттен қаза тапқан

4 Ақпан 2022, 14:57
1472
Бөлісу:
Өткен жылы елімізде 413 адам өрттен қаза тапқан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД-ті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ерлан Ахашов «Jetisý Media» ақпараттық алаңында өткен брифингте айтты.

Ахашов брифинг барысында өрт қауіпсіздігі туралы баяндап, өткен жылы болған төтенше жағдайлар жайлы айтты.

2022 жылдың басынан бері Алматы облысы аумағында 135 өрт болды, өткен жылы осы уақытта 165 өрт тіркелген. Өрттің салдарынан 7 адам қаза болды, материалдық шығын 4 млн теңге. Сондай-ақ, өрт туындамай улы газбен уланудың 4 фактісі тіркелді, онда 6 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды,- деді ол.

Оның айтуынша, 2021 жылы облыс аумағында 1107 өрт тіркелген, оның ішінде 6 адам зардап шегіп, 34 адам қаза тапқан, балалар өлімі жоқ, материалдық шығын 119 млн 931 мың теңге. Ал, улы газбен уланудың 12 жағдайы тіркеліпті, онда 19 адам жарақат алса, 8 адам қайтыс болған, балалардың қаза болуы мен жарақаттануы тіркелмеген.

2021 жылы республика бойынша барлығы 12 256 өрт болды, 413 адам қаза тапты, 429 адам жарақат алды. Болған өрт саны бойынша Алматы облысы 2-ші орында. Мәселен, халықтың бір мың адамына шаққандағы өрт саны 0,37, қайтыс болғандар саны 0,0015 құрайды, - деді азаматтық қорғау полковнигі.
 

Өзгелердің жаңалығы