Өткен жылы 60 мыңға жуық сарбаз несиелік демалыс алды

5 Наурыз 2024, 15:40
394
Бөлісу:
Өткен жылы 60 мыңға жуық сарбаз несиелік демалыс алды
Фото: BAQ.KZ -архив

Өткен жылы әскерге кеткен сарбаздар қандай жеңілдіктерге ие болды. Бұл туралы департамент өкілі Ғани Артықов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2024 жылы әскерге баратын жігіттерге бірнеше жеңілдіктер берілетіні айтылған. 

Ең алғашқысы – несиеге демалыс беріледі. Өткен жылы мұндай демалысты 60 мыңға жуық сарбаз алды. Сондай-ақ оқу гранттарын  3 мыңға жуық сарбаз иеленді,-деп атап өтті ол.

Ал әскерге шақыру азаматтың жұмыс орындарына, тұрғылықты мекен-жайлары бойынша жүргізіледі. Немесе 1414 қызметі смс хабарламасы арқылы жүзеге асырылады.

Өзгелердің жаңалығы