Өткен тәулікте шетелден 5 153 авиажолаушы келді

6 Маусым 2021, 11:27
1303
Бөлісу:
Өткен тәулікте шетелден 5 153 авиажолаушы келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 5 маусымында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.

2021 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Македония, Түркия, Грузия, Украина, Беларусь Республикасы,Ресей Федерациясы, Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 39 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 5 153 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 20 рейс, 3012 жолаушы; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 11 рейс, 1172 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 295 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 164 жолаушы, 

Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 184 жолаушы,

Қостанай қаласының әуежайына - 1 рейс, 188 жолаушы,

Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 138 жолаушы. 


 

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.
 

 

 

Өзгелердің жаңалығы