Өткен тәулікте шетелден 3 617 жолаушы келді

3 Мамыр 2021, 12:43
835
Бөлісу:
Өткен тәулікте шетелден 3 617 жолаушы келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 2 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мальдив Республикасы, Мысыр, Грузия, Украина, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 3 617 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

 Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 2 283 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 077 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 244 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 4 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 9 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.
Өзгелердің жаңалығы