Өткен тәулікте қар құрсауынан 687 адам құтқарылды

24 Наурыз 2022, 14:22
1548
Бөлісу:
Өткен тәулікте қар құрсауынан 687 адам құтқарылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте ауа райы нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автожолдардың 21 учаскесінде, оның ішінде 11 республикалық (Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстары) және 10 облыстық маңызы бар автожол учаскелерінде (Ақмола, Алматы, Қостанай облыстары) жол жабық.

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарында қар құрсауынан 687 адам, оның ішінде 114 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Нұр-Сұлтан қаласында, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында 36 бірлік техника мен 1 автобус қар құрсауынан сүйреп шығарылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы ТЖМ, ІІМ, ЖАО, жол қызметтерінің 578 адам мен 373 техникасы жұмылдырылды.

Өткен тәулікте қар құрсауынан 687 адам құтқарылды

Мәселен, 23 наурызда сағат 13.00-20.00 аралығында Ақмола облысының үш ауданында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД құтқарушылары қар құрсауынан 80 адамды, оның ішінде 22 баланы құтқарып, жақын жердегі елді мекенге жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 15 құтқарушысы мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды. 

Өткен тәулікте қар құрсауынан 687 адам құтқарылды

Сағат 14.00-22.30 аралығында Ақмола облысының төрт ауданында ТЖД құтқарушылары қар құрсауынан 99 адамды, оның ішінде 22 баланы құтұқарып, жақын жердегі елді мекенге жеткізді.  Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына Ақмола облысы ТЖД 18 құтқарушысы мен 5 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органның 3 қызметкері мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өткен тәулікте қар құрсауынан 687 адам құтқарылды

Сағат 21.40-23.00 аралағында Әйтеке би ауданында Ақтөбе облысы ТЖД құтқарушылары қар құрсауынан 10 жеңіл автомобильді автожолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Автокөлікте 32 адам, оның ішінде 3 бала болған. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД 4 құтқарушысы мен 2 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органның 1 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өткен тәулікте қар құрсауынан 687 адам құтқарылды

Сағат 10.00-22.30 аралығында ТЖД құтқарушылары Қарағанды облысының бес ауданында 33 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарды. 50 адамды, оның ішінде 4 баланы жақын жердегі елді мекенге эвакуациялады.  Оларға медициналық көмек қажет болмады. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД 16 құтқарушысы мен 10 бірлік техникасы, жергілікті полиция қызметінің 54 қызметкері мен 27 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органның 78 қызметкері мен 50 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өткен тәулікте қар құрсауынан 687 адам құтқарылды

Сағат 13.30-23.45 аралығында Қостанай облысының үш ауданында ТЖД құтқарушылары ұар құрсауынан 70 адамды, оның ішінде 19 баланы құтқарып, жақын жердегі елді мекенге жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД 8 құтқарушысы мен 3 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органның 1 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Халыққа алдын ала ескерту мақсатында ауа райының нашарлайтыны туралы 118 СМС-хабарлама және «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 48 хабарлама таратылды.

ТЖМ азаматтарға ауа райы болжамымен танысып, аса қажет болмаса елді мекеннен шықпауға кеңес береді. Ауа райы нашарлап, жолда қалып қойсаңыз 112 құтқару қызметінің бірыңғай телефон номеріне хабарласыңыз.

Өзгелердің жаңалығы