Нұр-Сұлтан қаласында отбасыларды қолдау орталығы ашылады

1 Тамыз 2019, 16:00
1892
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан қаласында отбасыларды қолдау орталығы ашылады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл күзде елордада әкімдіктің жанынан «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылады. Бұл туралы бүгін Тәуелсіздік сарайында өткен Отбасылар форумында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты. 

Бұл форумды өткізуге қала әкімдігі, Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия қолдау көрсеткен.

WhatsApp Image 2019-08-01 at 16.00.47.jpeg

Ұйымдастырушылар форумда кәсіпкерлік саласындағы гендерлік саясаттың өзекті мәселелері, аймақтық әлеуметтік бағдарламалар мен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету сұрақтарын талқылады.

«Өздеріңіз білесіздер, Нұр Сұлтан қаласында 15000 аз қамтылған отбасы бар. Олар әртүрлі санаттарға бөлінеді. Біз үшін ең бастысы – қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларға дұрыс ақпарат беру және қолдау. Тұрғындардың көпшілігі, негізінен жағдайы төмен отбасылар баспана мәселесіне қызығушылық танытатынын білесіздер. Бағдарламаға сәйкес, қыркүйекте біз әлі де аз қамтылған отбасыларға баспана беруді жоспарлап отырмыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

WhatsApp Image 2019-08-01 at 16.00.41.jpeg

Оның айтуынша, осы күзде қалалық әкімдіктің жанынан  «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылады.

«Қыркүйек айында отбасыларды қолдауға арналған «Жанұя» атты орталық ашылады. Қазір онда жөндеу жүріп жатыр. Бұл орталық әсіресе қиындыққа тап болған жанұяларға көмек көрсететін болады. Білікті мамандар 7 бағыт бойынша кеңес береді: Open Space, денсаулық сақтау, білім беру, қолжетімді баспанамен қамту, IKomek базасында Call-орталық, азаматтарды әлеуметтендіру бағдарламасы. Басына ауыртпалық түскен аналарға оңтайлы болуы үшін көрсетілетін қызметтің бәрі «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейді. Орталықта балалардың ойын алаңы да қарастырылады. Ал аналарға құқықтық, психологиялық, медициналық тұрғыда көмек көрсетіледі. Кәсіп ашу, жұмыс табу, баспана алу бойынша да нақты кеңестер беріліп, құжат рәсімдеу бойынша көмектер көрсетіледі», - деді  Бақтияр Мәкен.

WhatsApp Image 2019-08-01 at 16.00.42.jpeg

Айта кетейік, ұйымдастырушылар форумда отбасылардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге көмектесуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Форумға ҚР президентінің кеңесшісі Мақсат Сқақов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев, ҚР президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, мәжіліс депуттары, қоғамдық пен үкіметтік емес ұйымдар және Нұр-Сұлтан қаласының отбасылары да қатысты.

Өзгелердің жаңалығы