Отбасы құру деңгейінің төмендеп кетуі экономикаға байланысты емес – министр

19 Маусым 2019, 12:39
1972
Бөлісу:
Отбасы құру деңгейінің төмендеп кетуі экономикаға байланысты емес –  министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов халық алдында есеп беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Жиын барысында тұрғындардың бірі «қазір жастар арасында отбасын құру тенденциясы төмендеп кетті, бұл елдегі экономикалық  жағдаймен байланысты ма?» деген сұрақ қойды.

Министр елдегі жағдайдың бәрін экономикамен байланыстыратынын айта келе расыменде қазір отбасын құратындар қатары азайғанын айтып, оның себептеріне тоқталды.

«Жақында статисткаға көз жүгірттім, сонда үйленгендер арасында ажырасу жоғары екенін байқадым. Ол түрлі себептерге байланысты. Қазір жыл сайын 100 мың неке қиылса, өкінішке қарай 50 мыңдайы ажырасуға арыз береді екен. Осыдан 5-6 жылғы уақытпен салыстырғанда неке қиятындар саны азайғанын байқаймыз. Бұны зерттей келе қазір 1990 жылы туғандар шаңырақ көтеріп жатқанын байқадық. Ол тұста туу төмендеген болатын. Алдағы 5-6  жылда неке қиятындар саны қайтадан 150 мыңға дейін жететін болады», - деді министр.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Руслан Даленовтың халық алдында есеп беріп жатқанын хабарлаған едік.

Өзгелердің жаңалығы