"Бақытты отбасы" бағдарламасымен қалай үй алуға болады

7 Қараша 2019, 17:55
3532
Бөлісу:
"Бақытты отбасы" бағдарламасымен қалай үй алуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда төрт немесе одан да көп баласы бар 340 мыңға жуық көп балалы отбасы бар, оның ішінде 31 725 мың отбасы ресми түрде баспанаға мұқтаж отбасылар ретінде әкімдіктердің кезегінде тұр. 

2019 жылдың шілдесінен бастап аталған санаттағы азаматтар үшін жылдық 2%-бен ипотекалық несиелендірудің "Бақытты отбасы" жеңілдетілген бағдарламасы іске қосылды. Бұл Елбасы бастамашы болған, аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларға ұсынылған теңдессіз қолдау түрі. Бастапқы жарна — әкімдіктерден тұрғын үй сертификаттарын пайдалану мүмкіндігімен 10% басталады. "Бақытты отбасы" бағдарламасы көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және табысы төмен, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға несие беруге арналған.

Сонымен бірге, тұрғын үй құны Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында 15 млн теңгеден аспауы керек және қалған өңірлерде — 10 млн-ға дейін.

Бүгінгі таңда 2019 жылға 50 млрд теңге беру жоспарымен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 46,6 млрд теңгеге 4 589 өтінімді қабылдады, оның ішінде 29,3 млрд теңге болатын 2 875 заем берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдан бастап 2023 жылға дейін жылдық беру жоспары кемінде 10 мың өтінімді немесе шамамен 100 млрд теңгені құрайды.

Несие беру шарттары:

  • несие мөлшерлемесі — жылдық 2%;
  • бастапқы жарна — алдын-ала тұрғын үй заемын алу үшін — сатып алынатын тұрғын үй құнының кемінде 10%; 
  • аралық тұрғын үй заемын алу үшін — сатып алынатын тұрғын үй құнының кемінде 50%;
  • заем мерзімі — 20 жылға дейін.
  • заемнің нысаналы мақсаты ‒ бастапқы (соның ішінде ЖАО несиелік тұрғын үйі) және екінші нарықтан тұрғын үй сатып алу;
  • Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында тұрғын үй сатып алуға заемның максималды сомасы 15 млн теңгеден аспайды, ал басқа өңірлерде 10 млн теңгеден аспайды;
  • кепілзаттық қамтамасыз ету ‒ ҚТҚЖБ талаптарына сәйкес келетін мүлік немесе сатып алынатын тұрғын үй.

"Бақытты отбасы" бағдарламасымен қалай үй алуға болады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бастапқы нарықтан баспана сатып алу үшін номиналы 1 млн теңге болатын тұрғын үй сертификаты түріндегі алғашқы жарнаның бір бөлігін өтейді. Бағдарламаға қатысу үшін 2 365 жолдама (834 көп балалы отбасы, 1 143 толық емес отбасы, 388 мүгедек балалары бар отбасы) берілді, оның ішінде 7,2 млрд теңге сомасына 521 несиелік заем берілді (198 көп балалы отбасы, 239 толық емес отбасы, 84 мүгедек балалары бар отбасы) көрсетілген саннан алғашқы жарнаның бір бөлігін өтеу үшін 1 млн теңгеден 50 тұрғын үй сертификаты берілді.

Өзгелердің жаңалығы