Отарда халықаралық Армия ойындары басталды

7 Тамыз 2019, 11:58
2241
Бөлісу:
Отарда халықаралық Армия ойындары басталды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Отар 40-әскери базасында ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен Халықаралық Армия-2019 ойындарының ашылу рәсімі өтті.

Халықаралық Армия ойындары биыл 10 ел бойынша 21 полигонда, сонымен қатар Каспий, Балтық теңізінде және Парсы шығанағында өтіп жатыр.
Ойындар жалпы 32 бағдарлама бойынша өтеді, оның үшеуі біздің елде өтуде. Мәселен, «Артиллериялық оқ ату шеберлері» сайысында артиллерист-минаатқыш әскери техника мен қару-жарақты кәсіби қолдануды, атыс тапсырмаларын жедел және сапалы орындауды, сондай-ақ нысана көздеу ептілігін көрсетеді. Жарыстар үш кезеңнен тұрады: жеке жарыс, түнгі спринт, эстафета-финал сайысы. Қазақстандағы байқауға 13 елдің жауынгерлері қатысып жатыр. 

армия1.jpeg

Әскери ойындардың салтанатты ашылуында әр елден келген жауынгерлер саппен өтіп, қатысушы командалардың туы көтерілді. Шараның ашылуында ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Бүгінгі күгі Халықаралық әскери ойындарды өткізудің өзіндік игі дәстүрі қалыптасты. Ойындар барысында қатысушы елдердің әскери қызметшілері өздерінің қарым-қабілеттерін шыңдап, тәжірибе алмаса отырып кәсіби деңгейін арттыра түседі», - деді министр.

армия2.jpeg

Әскери ойынға Қазақстан, Өзбекстан, Армения, Беларусь, Венесуэлла, Зимбабве, Иран, Қырғызстан, Әзербайжан, Сирия, Тәхікстан мен Ресей командалары қатысып жатыр.
Өзгелердің жаңалығы