Отандық теннисші Испаниядағы турнирдің финалына өтті

28 Шілде 2019, 16:58
1862
Бөлісу:
Отандық теннисші Испаниядағы турнирдің финалына өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Тимофей Скатов Испаниядағы халықаралық теннис турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі. 

Скатов жартылай финалда корт қожайыны Хайме Мальфейтомен кездесті. Екі сетке созылған сында Скатов 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. 

Ақтық сында қазақстандық спортшы испандық Карлос Алькарас Гарфияға қарсы ойнайды. 

Өзгелердің жаңалығы