Отандық спортшылар Бейжің Олимпиадасына 60 лицензия жеңіп алды

20 Желтоқсан 2021, 18:35
1379
Бөлісу:
Отандық спортшылар Бейжің Олимпиадасына 60 лицензия жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына 60 лицензия ұтып алды.

Мәдениет министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, спортшылар жеті спорт түрінен жолдамалар алды.

Соңғы лицензиялық жарыс 2022 жылы қаңтарда өтеді, ал квота мен лицензияны бөлу 2022 жылдың 16 қаңтарында аяқталады. Осыдан кейін Қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ҚР делегациясы жасақталады, – делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада 4-20 ақпан аралығында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы