Отандық минералды тыңайтқыш өндірушілері биылғы алғашқы жартыжылдықтың есебін жариялады

7 Тамыз 2023, 21:05
815
Бөлісу:
Отандық минералды тыңайтқыш өндірушілері биылғы алғашқы жартыжылдықтың есебін жариялады
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Қазақстанда минералды тыңайтқыштардың негізгі өндірушілері «Қазфосфат» және «ҚазАзот» компаниялары саналады. Оларға тыңайтқыштар өндірісінің жалпы көлемінің 96%-дан астамы тиесілі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалған кәсіпорындар – «АМТ» АҚ, Talas investments Company ЖШС, «Тараз металлургия зауыты» және «Қайнар» компаниясы тыңайтқыштарды ілеспе өнім ретінде өндіріп келеді.

Жарияланған есепке сүйенсек, биылғы 6 айда кәсіпорындар 337 мың тонна аммофос өндірген. Бұл 2022 жылдағы кезеңмен салыстырғанда 56,1%-ға көп. Жағымды динамика «Қазфосфаттың» аумағында аммофос өндірісінің екінші желісінің іске қосылуымен байланысты болып отыр.

Аммиак селитрасының өндірісі былтырғы кезеңмен салыстырғанда шамалы өсіп, 0,5%-ға (191 мың тонна) артқан.

Өзгелердің жаңалығы