Отандық ғылым кезең-кезеңімен трансформацияланады

14 Ақпан 2023, 11:55
1003
Бөлісу:
Отандық ғылым кезең-кезеңімен трансформацияланады
Фото: Үкімет

Отандық ғылымды кезең-кезеңімен трансформациялау жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылымды қажет ететін саланы экономикалық тиімді салаға айналдыру аясында тиісті ведомствоның алдына қойылған бірқатар жаңа міндетті атап өтті.

Министр «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» тақырыбында сөйлеген сөзінде нақты нәтижелерге бағдарланған ұлттық ғылым жүйесін кезең-кезеңімен трансформациялау қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында ғылым елдің бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретін жаңа өндіріс технологияларына бағытталатынын атап өтті. Осы тұрғыда ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың маңыздылығын атап өткен жөн. Сәтті коммерцияландыру қосылған құнды арттыруға, бизнестің және тұтастай алғанда елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді, - деп айтты Саясат Нұрбек.

Атап айтқанда, ғылымдағы жұмыс процестерінің еліміздің өндірістік қажеттіліктеріне кезең-кезеңімен көшуі күтіліп отыр. Инновациялық өнімді нарыққа шығаруды ведомство үш елдің – АҚШ, Германия және Финляндияның халықаралық үлгісінде қарастырды.

Өзгелердің жаңалығы