Отандық ғалымдарға ресейлік ғылыми ұйымдар қолдау білдірді

14 Қаңтар 2022, 10:41
1334
Бөлісу:
Отандық ғалымдарға ресейлік ғылыми ұйымдар  қолдау білдірді

Алматы, BAQ.KZ. Алтай мемлекеттік университеті және «Большой Алтай» алтаистика және тюркология ғылыми-білім беру орталығы еліміздегі қайғылы оқиғаларға байланысты Ә.Х.Марғұлан Археология институтының ұжымына қолдау хатын жолдады.

Ресейлік әріптестер  барлық қазақстандықтардың тағдыры үшін алаңдаушылық білдіретінін айтып,  еліміздегі бейбітшілікті сақтау жолында қаза тапқан жандардың жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Біз қазақ халқының даналығы мен бірлігі, ел басшылығының күш-жігерінің арқасында дағдарысты қысқа мерзімде еңсеруге, бейбітшілікті, тыныштық пен ұлттық келісімді қалпына келтіруге мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Екі ел арасындағы біздің ғылыми, білім беру байланыстарымыз тарихи, рухани мызғымас достық пен өзара сыйластықтың алтын көпіріне  айнала беретініне шын жүректен сенеміз. Біз Сіздермен біргеміз! - деп жазылған хатта.

Атап айтсақ, бұл Еуразия құрылығындағы көптеген түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тарихи-мәдени құндылықтарын зерттеумен айналысып жүрген бірден-бір ұйымдар. Үлкен Алтай ежелден «өркениет бесігі» болғанын және дәл осы ғажайып өлкеде көне түркі жазбасы пайда болғанын дәлелдеді.

 

Өзгелердің жаңалығы