Отандық сауда флоты биыл 1,8 млн тонна жүк тасымалдады

11 Қараша 2020, 15:27
1986
Бөлісу:
Отандық сауда флоты биыл 1,8 млн тонна жүк тасымалдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 10 айының қорытындысында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүктерді ауыстырып тиеу өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде болды.

Жүк автокөлік құралдарын ауыстырып тиеуде біршама өсім бар.

Отандық сауда флоты осы кезеңде Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,8 млн тоннадан астам жүк, оның ішінде Ақтау – Баку фидерлік желісімен 10,6 мың контейнер тасымалдады, - деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Ішкі су жолдары бойынша биылғы 10 айда жүк тасымалдау көлемі шамамен 1,44 млн тоннаны құрады. Оның 233 мың тоннасы Ресей бағытында тасымалданды.


Өзгелердің жаңалығы