Отандық әлеуметтік желі 2022 жылға қарай АҚШ нарығын бағындыруды көздеп отыр

18 Қазан 2021, 17:18
23552
Бөлісу:
Отандық әлеуметтік желі 2022 жылға қарай АҚШ нарығын бағындыруды көздеп отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. GetEmotions жобасы авторларының ақпараты бойынша, Қазақстанда әлеуметтік желіні ресми таныстырудан және тестілеуден өткізгеннен кейін жоба америкалық нарыққа ұсынылатын болады. 

Жаһандану ғасырында бүкіл әлемде шамамен үш миллиард адам, яғни халықтың шамамен 40% - ы ғаламторда әлеуметтік желілерді пайдаланады.

Адамдар желіге күніне орта есеппен екі сағат жұмсайды: жазбалар жариялайды, фотосуреттермен алмасады, достарының жазбаларына жауап береді. Сарапшылардың пікірінше, әлеуметтік медиа адамдарға көптеген жағдайларға, ең алдымен олардың жеке ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі әсер етеді. Сондықтан әзірлеушілер Getemotions қосымшасының кепілдендірілген анонимділігі мен құпиялылығын сақтау арқылы адамдарға қарым-қатынастың жаңа формаларынан бірегей эмоция алуға мүмкіндік беретініне сенімді.

Карантин кезінде мен айналамда көбіне пікіралмасатын адамдардың жоқтың қасы екенін түсіндім. Маған жақын адамдарыммен жеке мәселелерді талқылау кей-кезде ыңғайсыз болды. Мен өз ойларым мен сезімдерімді қызығушылықтарым мен түйткілді мәселелерімді жақын адамдарымен бөліскім келеді. Кез-келген уақытта қызықсыз пікіралмасудан бас тартатындай жағдай ыңғайлы әрі әңгімелесушілердің арасында мені танитын адам болмайтынын білгім келеді. Мен сырт көздің сыны мен айыптауынсыз ашық пікір білдіргім келеді. Адамдардың аты - жөні белгісіз болғаны маңызды және тек ғана тақырыптың өзі, оған қатысты ойлар мен тарихы болғанын қаладым, - дейді GetEmotions жобасының негізін қалаушы Айтуған Омаров.
Өзгелердің жаңалығы