Отанды сату жемқорлықтан басталады – Сәдібек Түгел

21 Мамыр 2021, 14:45
1399
Бөлісу:
Отанды сату жемқорлықтан басталады – Сәдібек Түгел

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда зиялы қауымның рөлі тақырыбында «Antikor live»  жобасының кезекті қонағы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сәдібек Түгел мәлімдеді.

Айтуынша, жемқорлықтың кең таралуына бұқараның өзі себепші болып отыр. Енді күресу үшін елдің азаматы дейтін әрбір жан өзінен бастау керек дейді. 

Жемқорлық деген не? Деген сауалдың жауабы әрқилы. Коррупция дегеніміз ол қарапайым халықты тонау. Жалпы Отанды сату осы жемқорлықтан басталады. Міне, осындай анықтама бере отырып, халық бұны қолдап отыр. Сондықтанда бұл еліміздегі номер бірінші нәрсе. Егер осындай баға беретін болсақ бұған бәріміз күресуміз керек. Бұл бір адамның немесе мемлекеттік органның, қызметкерлердің шаруасы емес ол бүкіл қоғамның дерті. Сол себепті жемқорлықпен күресу әрбір тұлғаның абыройлы міндеті деп білемін, – деді Сәдібек Түгел.

Қаламгердің  сөзінше, сыбайлас жемқорлықтың өршуі  90-шы жылдардан бастау алған. Онымен қоса неге сол кезеңде құбылыстың қоғам назарынан тыс қалуын айтып берді.

Менің түсінігімде идеология дегеніміз тәлім-тәрбие. 90-шы жылдары біз біржақты салаға бет бұрдық. Яғни, экономика саласына толық басымдық беріп қойдық. Капитализация, транформацияны жетілдірдік. Әрбір ел қыран құстың екі қанатындай бірқалыпты дамуы керек. Оң қанатында тәлім-тәрбие. Екінші орынға экономиканы қою керек еді. Сол себепті сол кезеңдерде бизнесмендер мен экономистердің аттары озып, аспандап кетті. Ал зиялы қауымдарымыз керексіз болып қалды. Міне осындай себептермен біздің қауым тарихи миссиясын ұмытып қалды, 9– деді ол.

Сондай-ақ ол "Сонымен қатар қазіргі интеллегенцияның өз рольн қалай атқаруда?" деген журналист сұрағына жауап қатты.

Әліде өз деңгейінде деп айта алмаймын. Бұл сұрақтың жауабы үсінде айтып кеткендерімде жатыр. Жекешелендіру, яғни, капитализм келген сәтте біз ділімізден айырылып қалдық. Діл – дегеніміз біздің ұлттық болмысымыз. Нарықтық қоғам кіріп келгеннен бері біздің діліміз алыс ауылдық жерлерде қалып қойды. Қазіргі жемқорлар өз ділінен, болмысынан айырылған адамдар. Бірақ қазір Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы жылы құрған сыбайлас жемқорлыққа жеке агенттік құрған болатын. Ол өте ұтымды, оптимистік жобаларға әкелді. Соның арқасында бүгінде заң қатайып қоғамға күш берді, – дейді жазушы Сәдібек Түгел.
Олжас АДАЙ
Өзгелердің жаңалығы