Өкпені жасанды желдету аппаратын өндіру 15 есеге артты

4 Мамыр 2020, 21:38
1539
Бөлісу:
Өкпені жасанды желдету аппаратын өндіру 15 есеге артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Тыныс" зауыты коронавирустық пандемияға қарсы шаралар аясында адам өкпесін жасанды желдету аппараттарының өндірісін арттырды.

2020 жылға арналған осы өнімнің өндірістік жоспары жылына 15 еседен астамға (500 дана жиынтық өнімге дейін) ұлғайтылды. Қазір зауыт жұмысшылары екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін зауыт жылына 30 дана жиынтық қондырғыларды шығарып келгенін айта кету керек. "Тыныс" өкпені жасанды желдетуге арналған құрылғылар шығаратын Қазақстан Республикасындағы жалғыз кәсіпорын. "Көкшетау-4П" аппараты өзінің ман қырлы өызметін жедел жәрдем машинасында да, жансақтау бөлімінде де атқара береді - делінген ИИДМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

photo_2020-05-04_17-05-52 (2).jpg

Қазірдің өзінде 19 данадан тұратын  аппараттардың алғашқы партия еліміздегі медициналық мекемелерге жеткізілді және 40-тан астамы қоймада жөнелтілуге дайын тұр.

photo_2020-05-04_17-05-51.jpg

Сонымен қатар, аталмыш кәсіпорын мақта маталарынан қайта пайдалануға болатын медициналық маскалар өндірісін игерді. Бұл қорғаныш заттарымен Ақмола облысының медициналық, мемлекеттік мекемелері мен жеке кәсіпорындары қамтамасыз етілген.

Естеріңізге сала кетейік, "Tыныс" шығаратын негізгі өнімдер - бұл ұшақтарға арналған қосалқы бөлшектер, ҚР күштік құрылымдары үшін жеке қорғаныс құралдары. Сондай-ақ, мұнай-газ, теміржол саласы және т.б. үшін де арнайы азаматтық өнімдер шығарады.
Өзгелердің жаңалығы