"Отан. Әскер. Жас сарбаз". Әскери-патриоттық әндер байқауының финалдық кезеңі өтті

5 Мамыр 2022, 19:05
3727
Бөлісу:
"Отан. Әскер. Жас сарбаз". Әскери-патриоттық әндер байқауының финалдық кезеңі өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада "Отан. Әскер. Жас сарбаз" балалар жылына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Конкурсты "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" РҚБ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен Балалар жылына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай өткізді.

"Отан. Әскер. Жас сарбаз". Әскери-патриоттық әндер байқауының финалдық кезеңі өтті

Іс-шараға еліміздің Қорғаныс министрлігінің өкілдері, елорданың жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, "Жас Сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" РҚБ төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев, "Жас сарбаз" астаналық филиалының басшысы Асхат Налшыбек қатысты.

"Отан. Әскер. Жас сарбаз". Әскери-патриоттық әндер байқауының финалдық кезеңі өтті

Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай "Отан. Әскер. Жас сарбаз" жобасын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы жүзеге асырды. Жоба аясында бірнеше іс-шара жүзеге асырылуда. Алғашқылардың бірі болып қала мектептерінің оқушылары арасында әскери-патриоттық сайыс өтті. Барлығы 50 қатысушы қатысты. Олардың 8-і финалға өтті. Сондай-ақ, әскери-патриоттық жиындар, ардагерлермен, халық батырларымен кездесулер өткізу жоспарлануда. Мұндай акцияларды үш жыл бойы өткізіп келеміз және осы жұмысты жалғастырамыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлықтарыңызды "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының қатарына қосылуға шақырамыз, – деді Нұр-Сұлтан қаласы "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының бөлім басшысы Нұралы Махметалыұлы.

Өзгелердің жаңалығы