"Осы апта шешілмесе, уақыт құртпаймыз". АҚШ мемлекетік хатшысы талап қойды

28 Сәуір 2025, 15:08
3436
Бөлісу:
"Осы апта шешілмесе, уақыт құртпаймыз". АҚШ мемлекетік хатшысы талап қойды
Фото: видеодан скриншот

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келісімнің мүмкіндігінше тезірек жасалуы керектігін тағы да мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BCC-ге сілтеме жасап.

Егер келісімшартқа қол қойылмаса, Вашингтон келіссөздер процесінен шығады. Оның айтуынша, бұл мәселеге қатысты АҚШ шешімді бір апта ішінде қабылдайды. Сонымен бірге Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бітімге қатысты өз талаптарын қайта қойып, келіссөздердегі асығыстық керісінше әсер беретінін айтты.

Бұл тез жүзеге асуы керек. Нәтиже болмаса, біз бұған әрі қарай уақыт пен ресурс жұмсай алмаймыз, - деді АҚШ Мемлекеттік хатшысы NBC телеарнасының "Meet the Press" бағдарламасына берген сұхбатында.

"Бұл апта өте маңызды болады, осы уақыт ішінде біз бұл процеске қатысуды жалғастырамыз ба, әлде басқа мәселелерге назар аударамыз ба, соны шешеміз" - деп нақтылады Марко Рубио.

Рубио бұған дейін де бірнеше рет егер бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкін болмаса, АҚШ Украинадағы бейбітшілік орнату әрекеттерін тоқтататынын айтқан еді. Бұл туралы АҚШ Президенті Дональд Трамп та екі мәрте айтты. Ол екінші мәрте президенттікке сайланар алдында Украинадағы соғысты "бір күн ішінде" тоқтатуға уәде берген. Алайда кейін жаңа әкімшілік өкілдері бұл мәселені Трамптың президенттік мерзімінің алғашқы 100 күні ішінде шешуге ниетті екенін айтқан; бұл мерзім 30 сәуірде аяқталады.

Осы аптада атысты тоқтату келісімін жасау мерзіміне қатысты сұраққа жауап берген Трамп:

Бізде өз дедлайнымыз бар, — деді, бірақ нақты уақытын атаған жоқ. 

"Уақыты келгенде, біздің көзқарасымыз мүлде өзгереді", — деп мәлімдеді АҚШ Президенті Норвегия премьер-министрімен кездесу кезінде.

БАҚ деректеріне сәйкес, АҚШ Украина мен Ресейге бейбіт реттеу жоспарын ұсынған. Ол бойынша:

- Майдан шебі тоқтатылды,

- Украина НАТО-ға кіру мүмкіндігінен айырылады,

- Вашингтон Қырымның Ресейге қосылуын және Мәскеудің басып алынған украин аумақтарындағы бақылауын заңды түрде мойындайды.

- Ал Украина бұған жауап ретінде қандай да бір қауіпсіздік кепілдіктерін алуы тиіс. Бірақ құжатта бұл кепілдіктердің нақты қандай екені көрсетілмеген.

БАҚ мәліметінше, бұған жауап ретінде Украина мен оның еуропалық одақтастары өз ұсынысын жасаған. Онда Киевке берілетін кепілдіктер күшейтіліп, Украинаны қалпына келтіру ісін Ресейдің қатып қалған активтері есебінен жүргізу қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы