Қостанайда жедел жәрдем көліктерінің өндірісі кеңейді

21 Шілде 2020, 11:08
1679
Бөлісу:
Қостанайда жедел жәрдем көліктерінің өндірісі кеңейді

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайдағы "СарыарқаАвтоПром" зауыты жедел медициналық жәрдем көліктерінің өндірісін кеңейтті. Бұл жөнінде кәсіпорын директоры Сырым Семейбаев мәлімдеді.

Пандемия жағдайында медицина мекемелеріндегі жұмыс жүктемесі артқандықтан, денсаулық сақтау саласы техника паркін ұлғайту қажеттілігін сезінді. Мемлекеттік және жеке меншік ұйымдардан түскен сұраныстың өсуіне байланысты Қостанайдағы "СарыарқаАвтоПром" зауыты жедел медициналық жәрдем көліктерінің өндірісін кеңейтті. 

44d5b7d2-1309-4e5a-8ada-255c72a2fc82.jpg

Бұған дейін автоөндіруші JAC минивэндері базасында арнайы техниканы жеткізуді ретке келтірген болатын. Жақында коронавирустық инфекция пандемиясының белең алуын ескере отырып, кәсіпорын басшылығы автомобильдерді қайта жабдықтау және Chevrolet Damas үлгісін тиісінше толықтыру туралы шешім қабылданғанын хабарлады. 

Медициналық мекемелерге түскен жоғары жүктеме жағдайы БАҚ-тарда бірнеше рет көтерілді, біз мұны көріп отырмыз. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің техникалық ерекшелігі бойынша қысқа мерзімде Chevrolet моделі анықталып, жобаланды, ол іріктеудің басты талаптарына жеделдік, сенімділік, маневрлік және тікелей медицина қызметкерлеріне жеткізу жылдамдығына жауап береді, - дейді "СарыарқаАвтоПром" директоры Сырым Семейбаев. 
5e5290ca-5e56-486c-a72a-8cf9b6bc519c.jpg

Зауыт басшылығы атап өткендей, шағын автомобиль алдын ала жасалған сынақтардан сәтті өткен. Автокөліктер науқастарды тасымалдауға арналған барлық қажетті медициналық, санитарлық және бактерицидтік жабдықтармен, соның ішінде өкпені жасанды желдетудің шағын аппаратымен, ЭКГ-аппаратымен, пульсоксиметрмен және дефибриллятормен жабдықталған. 

скорая1.jpg

COVID-19 індетімен күресте жаңа автокөліктерге алғашқы сұраныстар "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен "Kaspi.kz" банкінен түскен. 

скорая 2.jpg

Еске сала кетейік, Chevrolet өндірісі Қостанай зауытында 2020 жылдың 28 наурызында басталды және бүгінде Қазақстанда да, таяу шетелдерде де кең сұранысқа ие.


Өзгелердің жаңалығы