Қостанайда Қытайдан келген азамат карантинге жабылды

5 Наурыз 2020, 15:00
1696
Бөлісу:
Қостанайда Қытайдан келген азамат карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдан келген Қостанай облысының тұрғыны Тобыл қаласындағы жергілікті ауруханаға 14 күнге карантинге жабылды.

Бүгінгі таңда азаматшаның денсаулығы бір қалыпты. Денеқызуы жоқ. Әйелдің бойынан әлемді дүрліткен қауіпті дерттің қандай да бір белгілері байқалмайды.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті түсініктеме берді.

2020 жылдың 1 наурызында Қостанай қалалық санитарлық бақылау бөлімінің қызметкерлерімен, Мәскеу-Қостанай бағытындағы рейс арқылы Қытайдан келген азаматша анықталды. Рудный қаласының 45 жастағы тұрғыны Шанхай қаласынан Шереметьева әуежайына келіп қонған. Онда ол короновирустық инфекцияға тексеріліп, ауру белгілері анқыталмаған, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Аталған аурухана Тобыл қаласындағы психикалық денсаулық орталығының базасында орналасқан.

Еске салайық, Қостанай облысында коронавирустың алдын алуға 36 миллион теңге бөлінген. Қостанай облысының мемлекеттік санитарлы бас дәрігері Аладимир Нечитайло санитарлық эпидемияға қарсы профилактикалық шараларды өткізу туралы қаулыға қол қойды.

Өзгелердің жаңалығы