Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Әр егіс маусымының, әр көктемнің ерекше сипаты бар. Биылғы науқанның басты айырмасы – алқаптардағы жұмыстар тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет төтенше жағдай режимінде жүргізіліп жатыр.
Егістік басында қызған еңбекті боз ала таңнан қас қарайғанша көруге болады. Азық-түлік қауіпсіздігі бәрінен маңызды.
Үміт бар...
Елімізде енгізілген төтенше жағдай режимі мен өңірде жарияланған карантинге қарамастан, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге жергілікті диқандар нақты мерзім ішінде кірісіп кетті. Оларға блок-бекеттерден кедергісіз өту артықшылығы берілді. Серіктестік пен шаруа қожалығы қызметкерлері жүргізуші куәлігімен қоса, кәсіпорында жұмыс істейтінін анықтайтын құжатын қалтасынан тастамаса болды.
– Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін жеке жолақ бөлінген. Постқа дейін 250 метрде көктемгі егіс жұмыстарымен айналысатындар үшін ауыл шаруашылығы техникасы мен арнайы техникалардың кедергісіз жүруге құқығы бар екені көрсетілген ақпараттық стендтер қойылған. Алғашында көбі ережені білмейтін, қазір үйренісіп қалды, – дейді Қостанай облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сембай Сағандықов.
Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жұмысы тоқтамас үшін қосалқы бөлшек сататын дүкендер жабылған жоқ. Бір сөзбен айтқанда, карантин кезінде көктемгі науқанға уақытында кірісуге ешқандай кедергі келтірілмеді.
Осы маусым ауыл шаруашылығы үшін қолайлы болады деген болжам бар. Қыста қар қалың түскендіктен, топырақтағы ылғал жеткілікті. Бұл өткен жылы құрғақшылықтан зардап шеккендерді қуантпай қоймайды.
– Біз алқаптағы ылғалды өлшеп көрдік. Түйреген таяғымыз сүңгіп кете берді. Кем дегенде орташа өнім алу үшін бірінші алғышарт осы ылғал. Сондықтан, өткен жылға қарағанда шығынсыз, жақсы шығамыз деген үміт бар, – дейді "Сұлу" ЖШС директоры Александр Пирог.
Қуануға не себеп?
Диқандар көбіне-көп болжамдарға сене бермейді, Олар бірнеше ай тер төгіп еккен өнімін бір сәттегі табиғи құбылыс жоқ қылып жіберуі мүмкін екенін жақсы түсінеді. Сондықтан, қатты қуанбауға тырысады. Дегенмен, биыл жақсы жыл деп атауға себеп көп болып тұр.
Біріншіден, өткеннен сабақ алған мемлекет ауыл шаруашылығы өнімдерінің қорын молынан сақтауға бел буды. Ол үшін Қазақстанда бірқатар азық-түлік тауарларының, оның ішінде ұн мен астықтың экспортына шектеулер енгізілді. Нарықтағы жағдайды осылайша реттегені диқаншылар үшін де тиімді болды. Өткен жылы астық түсімі өте аз болғандықтан, оның бағасы қазіргіден бірнеше есе қымбаттап кетеді деген болжамдар айтылған. Алайда, бүгінгі бидай бағасы болжанған өсімге жақындамады да.
– Қостанай аграрлары астықты ешқандай проблемасыз өткізіп жатыр. Күн сайын диірмендер қоңырау шалып, шикізат сұрайды. Менің ойымша, олар еш жерден астық таба алмай жатқан сыңайлы. Сондықтан, шаруалар үшін бидай өткізуге енгізілген квоталау2020 жылы Қазақстан бес жылдық үзілістен кейін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы астықты форвардтық сатып алу тәжірибесіне қайта көшті. Өткен маусымның диқандарға қолайсыз соққанын ескере отырып, бұны өте уақытылы, дұрыс шешім деп отыр мамандар. Әсіресе, көптеген шаруашылықтар жабылуға шақ қалды: егін себетін ақшасы жоқ және мемлекеттен қарыз ала қоятын мүмкіндігі де болмады.
–проблема емес. Керісінше, бұл бағаның өсуіне ықпал етті. Квота енгізілу себебі, яғни, астық аз. Бүгінде бидайдың техникалық параметрлеріне байланысты тоннаның құны 80 мың теңге мен 100 мың теңге шамасында тұр. Бұрын біз бағаны жанар-жағармайға кеткен шығынға шағып, есептейтінбіз. Қазір салыстырып қарасақ, баға өте жақсы деңгейде тұр, – дейді "ОТЭК" ЖШС басшысы Владимир Дранчук.
– Кепілдік әркімнің банктен несие алуы үшін емес, Азық-түлік келісімшарт корпорациясынан қаржы алу және күзде астықпен есептесу үшін ең оңтайлы нұсқа. Әсіресе, астығы аз шыққан адамдар үшін жақсы, олардың қиын жағдайдан шыққаны керек. Міне, бұл бір үлкен мүмкіндік. Қазір астық бағасын анықтап алу немесе күзде нарықтық бағалар бойынша реттеулер маңызды болып тұр, – дейді Александр Пирог.Өткен аптаның соңында Қазақстанда 2020 жылдың өнімін форвардты сатып алу тетігі соңғы бес жылда алғаш рет бекітілді. Бұл мақсатқа 24,5 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр. Ақшаларды ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің барлық санаттары, әсіресе, егіс алаңы 500 га және одан жоғары шағын және орта шаруашылықтар ала алады.
– Бөлінген қаражатқа 365 мың тонна өнім сатып алынады: бидай, арпа, қарақұмық, майлы дақылдар (күнбағыс, зығыр, рапс). Бұл әлеуметтік маңызы бар тізімге кіретін өнімдерді өндіруге арналған шикізат. Фермаларға алдын ала төлем бөлінеді. Мысалы, бидайдың бір тоннасы үшін – 50 мың теңге. Қалдық күзде қалыптасқан нарықтық бағалар негізінде есептеледі, – деген еді ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров.
Айта кету керек, мұндай механизм Қазақстанда алғаш рет іске қосылады. Осы жылдың тағы бір жағымды жаңалығы – тұқымдарды субсидиялау. Дотациялар суперэлитаны, элитаны және бірінші репродукциялы тұқымдарды сатып алғандарға төленеді. Мемлекет өнім құнының 50%-ын субсидиялайды. Облыстың тұқым өсірумен айналысатын шаруашылықтары жергілікті диқандардың жоғары сапалы тұқыммен себуге ынталы екені, өңірде элитаға деген сұраныс бар екенін айтады. Бұл дегеніміз – аймақтағы шаруаларда алдағы маусымдарда сапалы өнім көлемі айтарлықтай молаятынын көрсетеді.
Не сеуіп, не орамыз?
2020 жылы егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша жоспарға сәйкес, бидай өсіру санын қысқарту және майлы дақылдар көлемін ұлғайту жоспарланғаны белгілі. Осылайша, майлы дақылдар егістігі 200 мың гектарға өсіп, 700 мың гектарға дейін жеткізілмек. Жалпы, биыл егіс көлемі – 4,7 млн гектар, оның 3,9 млн гектарына дәнді және бұршақты дақылдар егіледі.
Осы жылғы егіс науқаны карантиндік шаралар мен ТЖ кезеңіне қарамастан, 15 мамыр күні басталмақ. Әрине, нөсер жауын кедергі келтірмесе. Бірақ, синоптиктер болжамынша, күн райы қатты құбылмауы тиіс.