Қостанайда 12 жасар қыз жоғалып кетті

10 Қазан 2020, 23:54
2125
Бөлісу:
Қостанайда 12 жасар қыз жоғалып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда 2008 жылы туған қыз жоғалып кетті. 

Ақпаратты облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратты.

Қостанайлық полицейлер 11.06.2008 жылы туған Громыко Диана Александровнаға іздеу салды. Ол 9 қазан күні сағат 10.00-де үйінен шығып кетіп, оралмаған. Қазіргі уақытта оқушы іздестірілуде, полицияның барлық жасақтары жұмылдырылды, - деді полицияның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. 
12 жасар Диана бұған дейін де үйінен шығып кетіп, оралмаған. Полицияға оның анасы арыз жазды. Жоғалып кеткен қыздың үстінде көк куртка, қара түсті аяқ киім болуы мүмкін. 
Өзгелердің жаңалығы