Қостанай облысында 4 адам өрттен қаза тапты, екеуі сәби

18 Желтоқсан 2019, 09:05
3097
Бөлісу:
Қостанай облысында 4 адам өрттен қаза тапты, екеуі сәби

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында жеке үйден шыққан өрттен 4 адам қаза тапты. Бұл туралы qostanai.media хабарлады.

Қайғылы оқиға 15 желтоқсан күні Торғайда болған. Өрт отбасы кешкі ас ішіп отырған кезде шыққан. Үйде 10 адам тұрып жатқан, оның бесеуі бала. Өрт шыққаннан кейін 20 минуттан соң үйдің шатыры құлаған.

Денелерін күйік шалып 33 жастағы ер адам мен 1997 жылы туған қыз бала ауруханаға жатқызылған. Олардың 45 және 40 пайыз денесін күйік шалған. 2009, 2011 және 2014 жылы туған үш бала екінші дәрежелі күйікпен Арқалық ауруханасында жатыр.

Оқиға орнында 1938 және 1985 жылы туған екі әйелдің денесі табылған. Сонымен қатар, екі сәбидің денесі табылған, ұл және қыз. Олар тіпті жасқа да толмаған.

Өрттің неден шыққанын Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары анықтайтын болады. Оқиға орнында зақымдалған газ баллоны табылған.



Өзгелердің жаңалығы