Өскенбаев: Автожол инфрақұрылымын дамыту – жұмыстың басым бағыттарының бірегейі

31 Тамыз 2022, 10:25
1230
Бөлісу:
Өскенбаев: Автожол инфрақұрылымын дамыту – жұмыстың басым бағыттарының бірегейі
PHOTO

Қайырбек Өскенбаев «жолдың жағдайынан толық хабардар екенін әрі бұл мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайтынын» атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

 ИИДМ басшысы Instagram-дағы парақшасында жұмыс сапарлары барысында өңірлердегі жол құрылысын тексеруді жалғастырып жатқанын айтты. 

 Жұмыс орнында отырып, мәселені сырттай бақылап тапсырма беру бір басқа, «100 рет естігенше, бір рет көр» демекші, жұмыстар жүргізіліп жатқан жерге келіп, өз көзіңмен көру бөлек» деп жазды. Ведомство басшысы сондай-ақ демалыс күндерінде де құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандарға ескертусіз баратынын айтып жеткізді. Айта кетерлігі, министр атқарылып жатқан жұмыстың нәтижелерімен әлеуметтік желілердегі парақшаларында бөлісіп тұрады. Алайда, «жұмыстың басым бөлігі Instagram-нан тыс қалып жатады,- деді Қ.Өскенбаев. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі басшысының пайымдауынша, ол «Қызылорда – Жезқазған» жолының жағдайынан толықтай хабардар. 

Өскенбаев: Автожол инфрақұрылымын дамыту – жұмыстың басым бағыттарының бірегейі

Өздеріңіз білетіндей, қай жолдың мәселесі болсын, маған таңсық емес. Ұзындығы 412 шақырымды құрайтын автожол учаскесі өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған. Жоба 10 учаскеден тұрады. Атап айтқанда, Қызылорда облысының аумағында — 6, Қарағанды облысында 4 учаске. Жобалардың жалпы құны 108 млрд теңге, оның шеңберінде 2 көлік айрығы, 3 көпір, 45 темірбетон құбыр мен 6 демалыс алаңын салу көзделуде. Жолдың жағдайынан толық хабардармын әрі бұл мәселені өзімнің жеке бақылауымда ұстап отырмын. Осы ретте Президенттің автожолдарға қатысты берген тапсырмалары орындалып жатқанын атап өткім келеді. Әлбетте, бұл біркүндік мәселе емес, сондықтан жүйелі түрде шешілуі тиіс. Яғни, уәдені үйіп-төгудің қажеті жоқ деп санаймын, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ министр еліміздің маңызды көлік артерияларында жүріп жатқан жұмыстар турасында ақпаратпен бөлісіп, солардың бірқатарына қысқаша тоқталып өтті. Оның айтуынша, биыл жол-құрылыс жұмыстарымен 11,2 мың км қамтылды, оның ішінде республикалық желі бойынша 7 мың шақырым.

Өскенбаев: Автожол инфрақұрылымын дамыту – жұмыстың басым бағыттарының бірегейі

Автожол инфрақұрылымын дамыту – жұмыс барысындағы басым бағыттардың бірегейі болып табылады. Мәселен, «Алматы – Қарағанды», «Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат» және «Талдықорған – Өскемен» сияқты магистральдық маршруттарда басталған реконструкциялау жұмыстарының сапалы жүргізіліп, уақытылы аяқталуы министрлігіміздің ерекше бақылауында. «Орталық – Оңтүстік», «Ақтөбе – Атырау – Астрахань», «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен», «Ұзынағаш – Отар», «Үшарал – Достық», «Қостанай – Денисовка» жобалары аясында республикалық маңызы бар жолдар толық ауқымды жұмыстармен қамтылып отыр, – делінген жазбада. 

Қайырбек Өскенбаевтың жеке парақшасындағы жазбасымен төмендегі сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады.

https://t.me/kairbek_uskenbayev/206 

Өзгелердің жаңалығы