Өскемендегі мектеп асханасына ескерту жасалды

21 Мамыр 2023, 17:26
837
Бөлісу:
Өскемендегі мектеп асханасына ескерту жасалды

Өскемен қаласындағы мектеп асханаларында бірқатар кемшілік анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық мәслихат депутаттары білім ошақтарын аралады. №11, 44 мектеп лицейлері мен қосымша білім беретін №48 мектеп-орталығында болған олар асханаларды тексеріп шықты. Бұл туралы Egemen.kz жазды.

Бұл асханаларға биыл жөндеу жұмыстары жүргізілген. Іштегі стендтерде асхананың жұмыс режимі, мәзірлер, тағамдар, шағымдар мен ұсыныстар кітаптары орналастырылған.

«2023 жылы бір оқушыға бірреттік тегін ыстық тамақтың құны күніне 620 теңгені құрады. Алайда №11 мектеп-лицейде бұдан қымбатырақ болған. Мектеп басшылығына осыған қатысты ескерту жасалды», - дейді қалалық мәслихат төрағасы Александр Светаш.

Сонымен қатар мектептерде балық өнімдерінің жоқтығы анықталған. Тексеру қорытындысы бойынша депутаттар Өскемен қаласының білім бөліміне оқушылар мен олардың ата-аналары арасында мектептегі тамақтың сапасы туралы сауалнамаларды жүйелі түрде жүргізуді айтып өтті.

Өзгелердің жаңалығы