Өскеменде жылыту маусымы келесі аптада басталады

29 Қыркүйек 2023, 19:47
673
Бөлісу:
Өскеменде жылыту маусымы келесі аптада басталады
Фото: BAQ.KZ - архив

Облыс орталығында жылыту маусымы 2 қазанда басталады. Бұл туралы «Өскемен жылу жүйелері» АҚ әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үйлерді жылуға қосу әдеттегідей, объектілердің техникалық дайындығын ескере отырып, 2 қазаннан бастап 4 күн ішінде кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Бұл туралы Altaynews жазды.

Әзірлік құжатын алмаған нысандар жылу қосуға дайындықтың барлық жұмыс түрлерін тапсырғаннан кейін ғана қосылатынын еске саламыз. Ал, жылу энергиясын есептеу құралдары мен техникалық дайындығын растайтын төлқұжаты бар үйлер жылуға мерзімінен ерте қосыла және мерзімінен кеш өшіре алады, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қалада ауа райына байланысты жылыту маусымы 28 қыркүйекте басталып кеткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы