Өскеменде жазушы Әлібек Асқаровпен кездесу өтті

25 Қаңтар 2023, 19:01
1941
Бөлісу:
Өскеменде жазушы Әлібек Асқаровпен кездесу өтті

Өскемендегі О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада жазушы Әлібек Асқаровпен кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әдеби шараға жиналғандар жазушы шығармашылығымен жақыннан танысып, өңір табиғаты турасында сыр шертті. Бұл туралы Altaynews жазды.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Асылбайұлы Асқаровпен кездесуге ақын-жазушылар, студенттер мен оқушылар келді. Сондай-ақ Катонқарағай ауданы Белқарағай орта мектебінің шәкірттері онлайн форматта қатысты.

"Мұзарт шыңды аңсаймын" атты ерекше форматтағы кездесу қаламгердің жер-су атауларына берген анықтамалары бойынша викториналық сұрақ-жауап түрінде болды. Шараға жиналған қонақтар жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы сұрақтарына жауап алды, - дейді кітапхана қызметкерлері.  

Қонақтар арасында жазушыға арнап өлең-жыр оқығандар да болды.

Өзгелердің жаңалығы