Өскеменде Жақыпбек Малдыбаевқа ескерткіш орнатылады

20 Қазан 2022, 20:28
1447
Бөлісу:
Өскеменде Жақыпбек Малдыбаевқа ескерткіш орнатылады

Өскеменде қазақтың тұңғыш әскери ұшқышы Жақыпбек Малдыбаевқа ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Алтайньюс жазды.

Ескерткіш Аблакетка ауданында Малдыбаев және Второй көшелерінің қиылысында бой көтереді.

«Шығыстың тумасы, Қазақтан шыққан тұңғыш әскери ұшқыш Жақыпбек Малдыбаевтың ескерткіші қала қаражаты есебінен салынада», - деп мәлімдеді ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары.

Жақыпбек Малдыбаев – 1907 жылы 15 мамырда Күршім ауданының Шеңгелді ауылында шаруа отбасында туған. 16 жасынан жылқы бағып, Майқапшағай алтын өндірісінде еңбек етті. Қытаймен шекарадағы әскери қақтығыстарда басшылық жасаған. 1933 жылы Революциялық Әскери Кеңесінің бұйрығымен 9-шы әскери ұшқыштар мектебіне қабылданады. 1934 жылы Орталық Азия әскери округінің Сталинабад қаласындағы Свердлов атындағы 40-шы дербес әуе жасағына аға ұшқыш-бақылаушы етіп жіберіледі.

Өзгелердің жаңалығы