Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіш ашылды

10 Қыркүйек 2022, 12:48
2280
Бөлісу:
Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіш ашылды

Өскеменде Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Қазыбек би және Есенберлин даңғылдарының қиылысына салынған саябаққа Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі болған Сағадат Нұрмағамбетовтың есімі беріліп, ортасына батырдың ескерткіші орнатылған. Жиынға аймақ басшысы Даниал Ахметов, қала әкімі Жақсылық Омар, батырдың немересі Лира Нұрмағамбетова қатысып, облыс басшылығына ерекше алғысын білдірді.

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіш ашылды

Сағадат Нұрмағамбетовтың өмір жолы барша қазақстандықтарға үлгі-өнеге. Ол Қазақстанның әскерін қалыптастыру және дамыту жолында аянбай еңбек етті. Біздің міндетіміз батырға лайықты құрмет көрсетіп, даңқты тұлғаның рухын жаңғырту. Ерлігі мен елдігін насихаттау мақсатындағы ескерткіш пен саябақ тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналады деп сенеміз. Біз батырларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Ұлы жауынгердің ескерткіші құтты болсын, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіш ашылды

Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолы отанға деген батылдық пен төзімділіктің үлгісі болып табылады. Ол құрған армия бүгінде өз міндеттерін табысты орындап келеді. Бүгінде аллеяның ашылуы Халық қаһарманына деген терең құрметтің белгісі. 

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіш ашылды
Өзгелердің жаңалығы