Өскеменде бір млн теңге айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

15 Қыркүйек 2022, 21:29
869
Бөлісу:
Өскеменде бір млн теңге айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Өскеменде бір миллион теңгеден астам айыппұлы бар жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды 

BAQ.KZ.

Бұл туралы Алтайньюс хабарлады.

Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлімдеді. 

Полиция қызметкерлері тоқтатқан жүргізушінің көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірі жалған болып шықты. Атына 39 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген және төлемей жүрген айыппұлының жалпы сома – 1 миллион 50 мың 609 теңге. Оның үстіне азаматтың көлік құралын басқару құқығы да жоқ екені анықталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деді басқарма бастығының міндетін атқарушы Орал Рыспаев.

Тәртіп сақшылары облыс орталығында «Борышкер» жедел шарасын бастады. Іс-шара 16 қыркүйекке дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы