Өскеменде бейімдеу орталығынан қашып кеткен жасөспірімдер табылды

24 Қаңтар 2023, 20:30
901
Бөлісу:
Өскеменде бейімдеу орталығынан қашып кеткен жасөспірімдер табылды

Облыс орталығындағы кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығынан  17 жастағы екі жасөспірім қашып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тәрбиеленушілердің қашып кеткені туралы полиция қызметкерлеріне  тәрбиешісі хабар берген. Бұл туралы Altaynews жазды.

Хабарды ала салысымен тәртіп сақшалары жолаушылар мен таныстардан сұрастырып, баруы мүмкін деген алаңдар, саябақтар, жастар көп жиналатын орындар, дәмханалар, аулалар мен тұрғын үйлердің кіреберістерін мұқият іздестірген.

Нәтижесінде жасөспірімдер бір тәулікке жуық іздеуден кейін Согра маңындағы таныстарынан табылды. Табылғаннан кейін олар бірден орталыққа жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы