Өскеменде 22 наурызда трамвайлар жолаушыларды тегін тасымалдайды

14 Наурыз 2024, 19:22
289
Бөлісу:
Өскеменде 22 наурызда трамвайлар жолаушыларды тегін тасымалдайды

Өскемен қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша, аталған қоғамдық көлік сағат 17:00-23:30 аралығында жолаушыларды тегін тасымалдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

22 наурызда Наурыз мейрамын мерекелеуге байланысты Республика алаңында бірқатар іс-шара өтеді. Мерекелік бағдарлама сағат 22: 00-ге дейін жалғасады.

22 наурызда сағат 17:00-ден 23:30-ға дейін қала тұрғындары үшін трамвайларда тегін жол жүру ұйымдастырылады, - делінген әкімдік хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы