Өскемен қаласының тұрғыны жанар-жағармайды заңсыз сатты деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция қызметкерлері күдіктінің үйіне тінту жүргізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тәртіп сақшылары жер үйдің ауласында 6 тонналық цистерна барын көрді. Оған қоса 200 литр дизель отынын, өткір иісті сұйықтық толтырылған 12 бөшке, екі сорғы және сұйықтығы бар 20 литрлік металл канистр тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 197-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.