Өскемен тұрғыны гаражында жарты келіге жуық марихуана жасырған

28 Қазан 2021, 13:46
16080
Бөлісу:
Өскемен тұрғыны гаражында жарты келіге жуық марихуана жасырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен тұрғыны гаражында жарты келіге жуық марихуана жасырған, деп хабарлады Polisia.kz. 

14 қазанда «Рефлекс» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шығыс Қазақстан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласы көшелерінің бірінде 59 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. 

Оның гаражын тінту барысында Toyota автокөлігінің жүк салғышынан жасыл түсті 7 түп өсімдік және жасыл түсті өсімдік заты бар бір полимерлік түйіншек табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған өсімдік заттарының жалпы салмағы – 464,39 грамм кептірілген марихуана есірткі құралы екені анықталды.   

Аталған факті бойынша ҚР ҚК–нің 296-бабының 3-бөлігі (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.


Өзгелердің жаңалығы