Өскемен қаласы әуежайының басшысы мен орынбасарына айыппұл салынды

13 Қыркүйек 2022, 12:00
1420
Бөлісу:
Өскемен қаласы әуежайының басшысы мен орынбасарына айыппұл салынды

Өскемен қаласының әуежайын тексеру нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ  22-23 тамыз аралығында «Өскемен әуежайы» АҚ қызметінің авиациялық қауіпсіздігі бойынша елдің әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жоспардан тыс инспекциялық тексеру жүргізді.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, тексеру нәтижелері бойынша жүйелі сипатқа ие авиациялық қауіпсіздік талаптарының бірқатар бұзушылық анықталды. 

Авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңның 107 – бабына сәйкес әуежайдың бірінші басшысы Н.И. Короленко, оның орынбасары-әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы Р. А. Григорьев және «Өскемен әуежайы» АҚ  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 570-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша жалпы сомасы 480 АЕК (735 120 тг.) айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы